Алматы әуежайында ішкі және сыртқы рейстер іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы әуежайында ішкі және сыртқы рейстер іске қосылды

13.01.2022

Алматы халықаралық әуежайында ішкі және сыртқы рейстер іске қосылды. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады. Қалада төтенше жағдай режимі енгізілуіне байланысты терминал жолаушыларға тек таңғы сағат 8:00-ден кешкі 21:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Қауіпсіздік үшін әуежайға тек жолаушылар кіре алады. Ал шығарып салушылар мен күтіп алушылардың ішке өтуіне тыйым салынған. Рейстердің кестесін әуежайдың сайтынан көруге болады. Бұған дейін Алматыдан шыққан алғашқы жолаушы ұшағы Нұр-Сұлтанға қонғанын хабарлаған болатынбыз.

Хабарламаларға жазылу