153 жыл бұрын АҚШ-та алғашқы отсөндіргішке патент алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

153 жыл бұрын АҚШ-та алғашқы отсөндіргішке патент алынды

07.02.2016
153 жыл бұрын АҚШ-та алғашқы отсөндіргішке патент алынды

Су құйылған шыныларды пайдалану туралы ақпарат 17 ғасырда болған. Ал, ең алғашқы отсөндіргіш 19 ғасырда Англияда жасалған деп есептеледі.

Себебі 1816 жылы ағылшын Джордж Мэнби су толтырылған металл цилиндерден жасалған отсөндіргіш жасап шығарады. Бірақ, тарихта Мэнбидің ашқан жаңалығы туралы еш ақпарат қалмаған.

Осылайша ресми түрде ең алғашқы болып 1863 жылы 7 ақпанда Вирджиния штатында (АҚШ) инженер Алан Крей патенттеген отсөндіргіш саналады. Ол да 200 жыл бұрынғыдай сумен толтырылатын.

Біраз уақыт өткеннен кейін ғана отсөндіргіштер арнайы көбікпен толтырылатын болды. Қазіргі заманда өтсөндіргіш қауіпсіздік шарасы ретінде әрбір мекемеде орнатылған. 

Хабарламаларға жазылу