Ресейде АН-24 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады
Ресейде АН-24 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 2 адам қаза тапты. Тағы 20 шақтысы жараланып, ауруханаға жеткізілген. Оқиға Бурятияның солтүстігіндегі Нижнеангарск қаласында болды. Улан-Удэге бағыт алған ұшақ аспанға көтерілген соң, қозғалтқыштардың біреуінде ақау анықталған. Сондықтан, экипаж әуежайға қайтуға мәжбүр болды. Дегенмен, әуе көлігі жерге қонғаннан кейін, ұшып-қону жолағынан 100 метрдей шығып кетіп, ғимаратқа соғылған. Осының салдарынан экипаж капитаны мен бортмеханик қайтыс болды. Лайнер бортында 42 жолаушы болған. Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің жағдайы қалыпты. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Бірер сағат бұрын апат бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ертең футболдан Әлем чемпионаты басталады
10.06.2026, 10:33
Тіршілігі қайнаған берекелі ауыл
10.06.2026, 10:22
Қазақстан – ТМД елдері арасында қоныс аударуға ең қолайлы мемлекет
10.06.2026, 10:19
Ұлыбританияда мигранттарға қарсы шеру басталды
10.06.2026, 10:18
АҚШ Иранға соққы берді
10.06.2026, 10:16
Елімізде балаларға арналған ойын автоматтары бақылауға алынады
10.06.2026, 10:12
Неврологиялық аурулардың ұлттық тіркелімі құрылуы мүмкін
10.06.2026, 10:09
Антибиотиктерді сатуға бақылау күшейеді
10.06.2026, 10:06