Индонезия цунами қаупі туралы дабыл доғарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезия цунами қаупі туралы дабыл доғарылды

14.12.2021

Индонезияда жер сілкінісінен кейін жарияланған цунами қаупі туралы дабыл алынып тасталды. Мұны Джакартада өткен баспасөз маслихатында елдің Метеорология және геофизика агенттігінің өкілдері мәлімдеді. Олардың айтуынша, теңіз деңгейі айтарлықтай көтерілмеген.

Бұл мемлекетте бүгін қуаты 7,5 балдық зілзала болды. Ол туралы мәлімет алғашында АҚШ-тың геологиялық қызметінің сайтында жарияланған.

Дүмпу ошағы 76 шақырым тереңдікте, Маумер қаласынан 91 шақырым жерде анықталды. Дегенмен табиғи апаттан бір адам ғана жараланып, бір мектеп пен бірнеше үй ғана зақымданды

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу