Қытайда жер сілкінісінен 19 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда жер сілкінісінен 19 адам қаза тапты

09.08.2017

Қытайда бүгін бірнеше мәрте жер сілкінді. Сычуань провинциясында қуаты 7 балдық зілзаладан 19 адам қаза тауып, 247 адам жараланды. Қаза тапқандардың 6-уы туристер. Ғимараттар мен су тазарту жүйелеріне айтарлықтай зақым келген. Ал, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында 6,6 балдық зілзала кезінде 32 адам жараланған. Құтқарушылар қауіпті аймақтан адамдарды көшіріп жатыр. 30 мыңдай турист эвакуацияланған.

 

Арай ТӨЕЛЕГЕНҚЫЗЫ 

Хабарламаларға жазылу