Қытайдың солтүстік-батысында қуаты 5,7 балдық зілзала болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдың солтүстік-батысында қуаты 5,7 балдық зілзала болды

28.05.2018

Қытайдың солтүстік-батысында қуаты 5,7 балдық жер сілкінісінен 1600 үй қирады. Зілзала түнгі сағат 1:50 шамасында болған. Соған байланысты Соньян қаласының тұрғындары толықтай эвакуацияланған. Бұған қоса, өңірде 100-ден астам төмен балдық дүмпу болды.

Жергілікті билік баспанасыз қалғандарға арнап уақытша лагерьлер тұрғызылатынын мәлімдеді. Қазір олар туған-туыстарының үйінде тұруға мәжүр.

Соңғы мәліметке қарағанда, апаттан зардап шеккен аймақтарға көмек жеткізіліп жатыр.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу