Ауғанстанда зілзаладан құтқару операциясы аяқталуға жақын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанда зілзаладан құтқару операциясы аяқталуға жақын

24.06.2022

Ауғанстанда жер сілкінісінен зардап шеккен шалғайдағы елдімекендерге көмек жеткізіле бастады. «Талибан» билігі іздеу-құтқару операцияларының аяқталуға жақын екенін мәлімдеді. 

Елде қуаты 6,1 балдық жер сілкінісі сәрсенбі күні болды. Соңғы мәліметке қарағанда, Пәкістанмен шекаралас аудандарда 1000-ға жуық адам қаза тауып, 1 500-дей адам жараланған. 3 000-ға тарта үй қирады. Америкалық бақылаушылардың мәліметінше, бұл – Ауғанстанда соңғы 20 жылда болған ең алапат жер дүмпуі. 

Хабарламаларға жазылу