Профессор Жаңылжан Жүнісованың құрметіне арналған жаңа кітаптың тұсауы кесілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Профессор Жаңылжан Жүнісованың құрметіне арналған жаңа кітаптың тұсауы кесілді

17.11.2017

Астанада саясат ғылымдарының докторы, профессор Жаңылжан Жүнісованың құрметіне арналған «Ғалым, Саясаткер, Тұлға» атты жаңа кітаптың тұсауы кесілді. Саналы ғұмырын елдің саяси өмірін зерттеуге арнаған тәлімгер 6 монография, 100-ден астам ғылыми еңбек жазған. Ағылшын тілін жетік меңгерген ғалымның туындылары шет тілінде де жарық көрген. Бұл еңбекте ғалымның өмір жолы, саясаттану, әлеуметтану ғылымдары саласының ерекшеліктері жөнінде  мол мағлұмат берілген.

Алуа Жолдыбалина, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы институттың бөлім басшысы:

- Үлкен тәжірибе жинай отырып, еңбегінің, жеткен жетістіктерінің арқасында Қазақстанның саяси ғылымына халықаралық қатынастар ғылымына, дипломатиялық қызметіне де өзінің үлесін қосқан ғалымдардың бірі.

Хабарламаларға жазылу