Пентагон Иракқа жаяу әскер кіргізбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пентагон Иракқа жаяу әскер кіргізбейді

19.06.2014
Пентагон Иракқа жаяу әскер кіргізбейді
АҚШ Иракқа жаяу әскер кіргізбейді. Мұны Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джей Карни Вашингтонда өткен баспасөз мәслихатында айтты.
 
Оның мәлімдеуінше, Америка жанжалға тікелей араласып, Ирак проблемасын шешпейді.
 
Дегенмен, Карнидің тағы бір сөзіне қарағанда, президент Обама содырлармен күрестің өзге жолдарын қолдануы мүмкін.
 
Айта кетсек, кеше Ирак үкіметі Құрама Штаттардан жиһадшыларға әуеден соққы беру туралы көмек сұрады.
 
Қазір Ирактың оңтүстігінде ондаған мың шиит мұсылман соғысқа аттанып жатыр.
 
Ал, Басрада, Бағдадта және өзге қалаларда оларды дайындықтан өткізетін орталықтар жұмыс істеп тұр.
 
Айта кетсек, «әл-Каидамен» байланыстағы «Ирак пен Леванттағы Ислам мемлекеті» ұйымы өткен аптада осы елдің солтүстігіндегі ірі қалаларды басып алып, қазір Бағдадты бағындыруға күш салып жатыр.
 
Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу