Ирак: Мыңдаған адам өз еркімен соғысқа аттануда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ирак: Мыңдаған адам өз еркімен соғысқа аттануда

16.06.2014
Ирак: Мыңдаған адам өз еркімен соғысқа аттануда
 
 
Иракта мыңдаған адам өз еркімен соғысқа аттануда. Олар – негізінен шиит мұсылман жастары.
 
Естеріңізге сала кетсек, өткен аптада «Ирак пен Леванттағы Ислам мемлекеті» ұйымы бұл мемлекетте бірнеше ірі қаланы басып алып, ел астанасы Бағдадқа жорығын бастады.
 
Сүннит содырларының қолына Тикрит, Мосул тәрізді ірі қалалар өтті. Ал, шииттердің мақсаты - күрдтермен бірігіп, исламшылдардың бүкіл елді бағындыруына жол бермеу.
 
Ирактағы жанжал өршіген сәтте Пентагон Парсы шығанағына «Джордж Буш» әскери кемесін аттандырмақ. Президент Барак Обама операция бастау туралы шешімді бірнеше күн ойланып барып қабылдамақ.
 
Алайда, Ақ үй басшысы Иракқа бұрынғыдай контингент кіргізбейтінін мәлімдеп отыр.
 
Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу