Пентагон Иракқа 275 жауынгер жіберді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пентагон Иракқа 275 жауынгер жіберді

17.06.2014
Пентагон Иракқа 275 жауынгер жіберді
Америка Құрама Штаттары Иракқа 275 жауынгер жіберіп жатыр. Оларға жүктелетін міндет - АҚШ-тың Бағдадтағы Елшілігін күзету және Америка дипмиссиясы мен өзге де ұйымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
 
 «Associated Press» агенттігінің хабарлауынша, Вашингтон Иракқа алдағы уақытта арнайы жасақтар аттандыру мәселесін де қарастырады.
 
Ал, Парсы шығанағына Пентагонның үш әскери кемесі мен 550 теңіз жауынгері шоғырланды.
 
Дегенмен, Америка Иракқа жаяу әскер кіргізуді жоспарлап отырған жоқ. Бірақ, Құрама Штаттар «Ирак пен Левант Ислам мемлекеті» ұйымының жиһадшыларына тойтарыс беру мәселесін Иранмен талқылауға ниетті.
 
Бұл туралы келіссөздер осы аптада басталуы мүмкін. Ал, куәгерлердің сөзіне қарағанда, исламшылдар Бағдадтан теріскейге қарай 60 шақырым жердегі Бакуба қаласына басып кірген. 
 
Үкімет армиясы болса, жиһадшылардың қолына өткен Таль-Афар шаһарын қайтаруға күш салып жатыр.
 
Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу