Ирак АҚШ-тан әскери көмек сұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ирак АҚШ-тан әскери көмек сұрады

19.06.2014
Ирак АҚШ-тан әскери көмек сұрады
Ирак үкіметі АҚШ-тан исламшылдардың бекіністеріне әуеден соққы беру туралы көмек сұрады. Мұны осы елдің сыртқы істер министрі Хошияр Зебари Сауд Арабиясына жасаған сапарында ресми түрде растады. Америка Құрама Штаттары да Бағдадтан жиһадшыларға тойтарыс беру жайында өтініш түскенін жоққа шығармады.
 
Айта кетсек, «Ирак пен Левант Ислам мемлекеті» ұйымы өткен аптада Ирактың теріскейінде бірнеше ірі қаланы басып алып, бүгінде Бағдадты бағындыруға күш салып жатыр. 
 
Сонымен қатар, сүнниттік содырлар сәрсенбі күні елдегі ірі мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасады. Кейбір сарапшылардың пікірінше, Ирактағы жанжал әрі қарай өрши беретін болса, энергетикалық отынды дүниежүзілік нарыққа шығару қиындап, әлемде «қара алтынның» бір баррелінің құны 125-150 долларға дейін қымбаттауы мүмкін.
 
Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу