Қазақстандық құрлық әскерлері Пәкістандағы әскери жарысқа қатысып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық құрлық әскерлері Пәкістандағы әскери жарысқа қатысып жатыр

27.02.2024

Қазақстандық құрлық әскерлері Пәкістандағы әскери жарысқа қатысып жатыр. «Пәкістан армиясының командалық рухы» халықаралық жарысына Қазақстан Қарулы күштерінен 12 әскери қызметші аттанған. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Әскери-спорттық турнирдің кезеңдеріне «тосқауылдағы іс-қимыл», «артиллерия атысын реттеу», «жедел медициналық көмек көрсету» және «түнде су бөгеттерін еңсеру» кіреді. Бұл халықаралық жарыс 2016 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Жарысқа Қазақстаннан бөлек, Бахрейн, Йордания, Ирак, Қатар, Сауд Арабиясы Корольдігі, Пәкістан, АҚШ әскери қызметшілері қатысып жатыр.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу