Біріккен Ұлттар Ұйымы «Жусан» операциясына жоғары баға берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Біріккен Ұлттар Ұйымы «Жусан» операциясына жоғары баға берді

17.05.2019

Халықаралық ұйымның тәуелсіз сарапшысы Фионнуала Ни Аолэйн Қазақстанның Сирия мен Ирактағы жанжал аймақтарынан өз азаматтарын елге қайта әкелуін ерекше марапатпен атап өтті. Сол жақта азаматтары бар басқа мемлекеттерді Қазақ елінің осындай гуманитарлық бастамасын үлгі етуге шақырды. Бұл маңызды бастама күрделі жағдайға ұшыраған балалар мен аналардың құқығын қорғап, жаһандық деңгейдегі елеулі мәселенің шешілуіне жол ашатын қажетті көшбасшылықтың үлгісі болып табылады деді ол.

Естеріңізге салайық, жақында «Жусан» операциясы арқылы Сириядан Қазақстанға 231 азамат жеткізілген болатын. Оған дейін 47 адам әкелінді.

Фионнуала Ни Аолэйн, БҰҰ тәуелсіз сарапшысы:

Қазақстан әйелдер мен балаларды елге қайтару мүмкін екендігін және орындауға болатындығын көрсетті. Сондай әрекетті қайталау басқа мемлекеттердің жауапкершілігі. Бұл Қазақстанның қиын сәттерге қарамастан шеше алатынын дәлелдеді.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу