Қ.Тоқаев әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі қарсаңында арнайы өкілдермен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қ.Тоқаев әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі қарсаңында арнайы өкілдермен кездесті

09.10.2018

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі қарсаңында Біріккен Ұлттар Ұйымы Өркениеттер Альянсының мәртебелі өкілі Насыр Абдуләзиз  Әл-Насырмен кездесті. Ол Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы өкіліне Астана форумына тұрақты қолдау білдіргені үшін алғысын айтты.

Сонымен қатар, Елбасының ұсынысын жеткізді. Атап айтсақ, жоғарыда аталған ұйым базасында конфессия және өркениеттер диалогы  орталығын құру жөніндегі ұсыныс. Құрметті мейман бұл ұсынысты құптап, қолдау көрсетуге ниет білдірді.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев  Әулие Престол Папа кеңесінің Исламмен дінаралық диалог жөніндегі бөлім меңгерушісі Халед Акашемен кездесу өткізді. Сенат төрағасы Рим-католиктік шіркеуінің бейбітшілікке, діндер арасындағы татулыққа қосып жатқан үлесі үшін алғысын білдірді. Ал, Акаше мырза әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне жоғары баға берді. 

Ербол МӘНДІБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

        

Хабарламаларға жазылу