БҰҰ Бас Ассамблеясында делегаттардан вакциналық паспорт талап етілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ Бас Ассамблеясында делегаттардан вакциналық паспорт талап етілмек

17.09.2021

Нью-Йорк әкімшілігі Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 76-шы сессиясына жиналатын президенттерден, премьер-министрлерден, сыртқы істер министрлерінен вакциналық паспорт талап етпек. Жоғары деңгейдегі жиналыс келесі аптада басталады. Алайда, осы ұйымның бас хатшысы Антониу Гутерриш әлем елдері лидерлерінен екпе салдыруды сұрамайтынын мәлімдеді. «Вакцина болмаса, сессияға кірмейсің деп ешкімге айта алмаспыз», - дейді дүниежүзінің бас дипломаты.

Айта кетсек, осы ғаламдық органның негізгі ғимараты орналасқан Манхэттендегі жер – халықаралық территория саналады. Сондықтан, оған АҚШ заңдары жүрмейді. Алайда, бұған дейін Біріккен Ұлттар Ұйымы өкілдері пандемияға келгенде жергілікті ережелерге бағынамыз деп мәлімдеген еді.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу