Президент Алматы облысына жұмыс сапарымен барды

08.10.2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапарымен барды. Десанттық шабуылдаушы әскерлердің жаңа оқу-жаттығу алаңын аралап, бітімгерлерді даярлайтын оқу орталығының мүмкіншілігімен танысты. Мұнда шетелдегі секілді бітімгерлердің базасы тұрғызылған. Ол жоқ кезде десанттарымыз АҚШ, Ұлыбритания елдеріне барып даярлықтан өтетін. Енді БҰҰ-ның шешімі бойынша өзіміз өзгелерді оқыта аламыз. Кейін жауынгерлеріміз ұйымның бітімгерлік миссиясын орындау үшін шиеленістер мен қарулы қақтығыстар ушыққан елдерге барады. Тараптарты татуластырып, бейбіт тұрғындарды қорғайды. 

Оқу орталығының жұмысын жоғары бағалаған Президент түрлі аймақтық, ұлтаралық қақтығыстарды шешуде бітімгерлердің еңбегі ерекше екенін айтты. Әрі әлемде шекара тұтастығына қатысты туындаған қақтығыстарды шешудің жолын ұсынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Аймақтық қақтығыстар Біріккен Ұлттар Ұйымы жарғысының принциптеріне қарама-қайшы. Оның бірі - мемлекеттің аумақтық тұтастығы. Қазір бұл негізгі мәселелердің біріне айналды. Осыған байланысты туындаған қақтығыстарға баға беріп, оң шешімін іздеу үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы және Қауіпсіздік Кеңесінің резолюциясына сүйенуіміз керек.

Досжан Маратұлы

Президент сапары асым-Жомарт Тоқаев Алматы облысы

Хабарламаларға жазылу