Қазақстан БҰҰ аясында өз миссиясын абыроймен орындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан БҰҰ аясында өз миссиясын абыроймен орындады

04.03.2019

Қазақстан БҰҰ аясында өз миссиясын абыроймен орындады. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов айтты. Мемлекет басшысы белгілеген барлық басымдықтар іске асырылды, ал еліміздің ұстанымы халықаралық қоғамдастық тарапынан жоғары бағаланды», - деді ведомство басшысы. Жалпы, біздің БҰҰ Қауіпсіздің Кеңесіне мүшелігіміз жаһандық саяси процестердегі шиеленістердің бұрын-соңды болмаған деңгейіне және әлемдік державалардың арасындағы қайшылықтардың асқынуы кезеңіне дөп келді. Ядролық қарусыздану, Орталық Азия мен Ауғанстанда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне Қазақстан етене араласты. Еліміздің Біріккен ұлттар ұйымы Қауіпсіздік кеңесіндегі жұмысы барысында Мемлекет басшысы бірнеше рет әлемдік қауымдастықтарды бейбітшілікке шақыратын үндеу жолдады. Осы орайда, ядролық державалармен әріптестік жаңа деңгейде жүргізілді.

Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Екі жыл көлемінде барлығы мыңнан астам халықаралық кеңестер, халықаралық шаралар өткізілді. Негізгі бағыты – ядролық қаруды болдырмау, қақтығыстарды болдырмау. Әсіресе, Орталық Азияның қауіпсіздігі, Ауғанстандағы қауіпсіздік мәселелері. Сол сияқты 600-ден астам дөңгелек үстелдер өткізілді.

Норимаса Шимомура, Қазақстандағы БҰҰ-ның тұрақты өкілі:

- Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысына тұрақты емес мүше ретінде табысты жұмысына байланысты құттықтаймын. Өзгелерге де үлгі көрсете білдіңіздер. Сіздердің ел өз миссиясын абыроймен атқарды деп айтуға толық негіз бар. Бұл жаһан жұртының пікірі.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу