Асқар Мамин қызметіне кірісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асқар Мамин қызметіне кірісті

25.02.2019

Түс ауа Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа тағайындалған Премьер-министр Асқар Маминді кабинетіне ертіп барып, орнына отырғызды. Жауапкершілігі мол қызметте табыс тілеп, алға қойған міндеттерді мінсіз орындауын тапсырды. Асқар Мамин өз кезегінде Президент жүктеген тапсырмаларды асқан жауапкершілікпен іске асыруға бар күшін жұмсайтынын айтты.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу