ЕҚЫҰ Қазақстанмен ынтымақты арттырмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕҚЫҰ Қазақстанмен ынтымақты арттырмақ

19.12.2018

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Томас Гремингер барша қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 27 жылдығымен құттықтайды. Мәртебелі ұйымның басшысы Қазақ елінің әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөлін жоғары бағалап отыр. «Қазақстанның Ауғанстанды қалпына келтіруге, Азия мен Еуропа қатынасын күшейтуге қосқан үлесі орасан», - дейді Томас Гремингер. Бас хатшы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тың бастамаларына қолдау білдіруге дайын екенін жеткізді. 

Томас Гремингер, Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы:

- Қазақстан тек аймақтағы ғана емес, жаһандағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге қомақты үлес қосып отыр. Біз бүгінде өте күрделі қауіпсіздік проблемаларымен бетпе-бет келіп отырмыз. Осы пробемаларды шешуге бағытталған Қазақстанның тың ұсыныстарын қуана қолдаймыз. Жақында ғана Астанада болдым. Біз елдеріңіздегі соңғы реформаларға өз үлесімізді қосуға тырысудамыз. Ұйым Қазақстанмен қатынасты одан әрі нығайтуға мүдделі. Барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, болашақта барлық жақсылықты тілеймін.

Нұрсұлу ҚАСЫМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу