Қытай қазақстандық импортты арттырмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай қазақстандық импортты арттырмақ

27.03.2018

Қытай Қазақстаннан әкелінетін импорт көлемін арттырмақ. Бұл туралы көрші мемлекеттің еліміздегі Төтенше және өкілетті елшісі мәлімдеді. Дипломаттың сөзінше, әсіресе,  металл, мұнай мен газ саласында импортты көбейту жоспарда бар.

Қытай халықтық саяси кеңесі мен еліміздің ғалымдары жиналған жиында екі елдің өзге салалардағы байланысы да сөз болды. Осылайша, алдағы уақытта Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастық артпақ. Бүгінде бұл ел шет мемлекеттермен қарым-қатынасты жақсарту мақсатында бірқатар келісімшарт бекітіп, байланысты күшейтіп отыр. Соның ішінде Қытай Қазақстанмен арадағы әріптестікті арттыруға мүдделі.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу