Қазақстан бейбіт бастамаларды қолдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан бейбіт бастамаларды қолдайды

13.12.2017

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркиядағы Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Төтенше саммитіне қатысты. Онда талқыланған басты тақырып Иерусалим қаласының мәртебесі болды. Жоғары палата спикері Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Таяу Шығыстағы бейбіт диалогты дамытуға және қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесін атап өтті. Жас та болса Қазақстанның  кикілжіңдерді шешіп, елдестіруде елеулі іс атқарғанына тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың сәуір айында Қазақстан мен Түркия көшбасшыларының Стамбулда көтерген бастамаларына қатысты пікірін білдірді.

«Ислам қоғамдастығындағы мемлекеттер мен діндер арасындағы айырмашылықтарды еңсеру, оның бейбітшілік, тұрақтылық пен табысты даму аймағына айналуының шешуші факторы болар еді», - деді спикер. Сондай-ақ, Қазақстан араб-израиль қақтығысын түпкілікті шешу және аймақта жалпыға бірдей бейбітшілік орнатуға бағытталған бітімгершілік жөніндегі бастамаларды да қолдайтынын жеткізді.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу