Астана процесі өз жемісін бере бастады. Бұл туралы бүгін Ақордадағы алқалы жиында айтылды. Сириядағы соғысты бейбіт жолмен реттеуге қатысты келіссөздің жетінші раундына қатысып жатқан елдердің делегация жетекшілері Елбасымен кездесті. Оған кепіл елдер Түркия, Ресей және Иран сонымен қатар, бақылаушы елдер мен ұйымдар АҚШ, Иордания, Біріккен ұлттар ұйымы өкілдері мен Сирияның үкіметі мен қарулы оппазициясы өкілдері қатысты. Жиында Қазақстанның Таяу Шығыста тұрақтылық орнату мен Сирия елін бейбітшілікке бөлеу жолындағы рөлі жоғары бағаланды.
Таяу Шығыста алты жыл бұрын тұтанған отты басу оңайға соқпады. Жазықсыз қырылған халық, босқан жұрт, күйреудің алдында тұрған мемлекет. Сириядағы қантөгіс аймақтық емес, тұтас адамзаттың қасіретіне айналды. Оны тоқтату үшін халықаралық ықпалды ұйымдардың мұрындық болуымен Женевада сан жиын өткізіліп, ықпалды елдердің қатысуымен іргелі келіссөздер жасалды. Бірақ, нәтиже көңіл көншітпей келді. Жыл басынан бейтітсүйгіш Қазақстан елі дағдарысты шешу үшін өз алаңын ұсынды. Тұрақты түрде жеті рет өткен халықаралық кездесулер нәтиже бере бастады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Сирия мәселесіне қатысты сіздердің жасап жатқан жұмыстарыңыз өте маңызды. Күллі әлем көз тігіп отыр. Бұл жаһан үшін үлкен проблема. Көптеген адам қаза тапты. Қаншама адам үйсіз-күйсіз қалып, қаншамасы босқынға айналды. Сондықтан, біз бұл процесске бей-жай қарай алмадық. Ресей мен Түркия президенттерінің сұрауы бойынша біз алаң бердік. Кешелі-бүгін 7-ші раундты өткіздіңіздер. Барлығы да сеңнің қозғалғанын айтып отыр. Женева келіссөздерімен қатар, Астана процессі де көмектесіп жатыр. Көптеген аймақтарда дескалация мәселесін шештіңіздер. Бұл Женева келіссіздерінің қосымша бөлігі. Оқ атуды тоқтату мәселесі бойынша нақты нәтижелер бар. Маған жеткен ақпарат бойынша гуманитарлық көмек жеткізуге қатысты ілгерілеу бар. Біз де қолымыздан келгенше гуманитарлық көмегімізді беріп жатырмыз.
Астана процесі Сирияның үкіметі мен қарулы оппазициясын бір үстел басын отырғызды, бірге бітімге келуге мүмкіндік берді. Соғыс іс-қимылдарын тоқтату келісім барынша нығайтты. Қазақ елінде кепіл елдер Идлиб, Латакия, Хама және Алеппо аймағының провинциясының біраз бөлігі сонымен қатар, Гутаның шығысы мен Хомс өңірінің солтүстігін қамтитын аралықта төрт қауіпсіз аймақ құруға келісімге келді. «Сириядағы жанжалды тежеу аймақтарын құру туралы меморандумға» қол қойды. Сарапшылар мұның Таяу Шығыстағы тұрақсыздықты тізгіндеуге жасалған үлкен жетістік екенін айтады.
Александр Лаврентьев, РФ Президентінің Сириядағы арнайы өкілі:
- Астана процесінің басталғанына біраз болды. Ол нәтижелі деп айтуға негіз бар. Ең бастысы дескалациялық аймақтар құрылды. Бұл өңірдегі жағдайды тұрақтандыруға көмектесті. Сонымен қатар, Сириядағы саяси жағдайды тұрақтандыруға да негіз болды. Астана процесінде біз ең алдымен оқ атуды тоқтату келісімінің нығайуына күшімізді салдық. Сондай-ақ, ондағы жағдайды барынша тұрақтандырғымыз келеді. Түрлі топтардың бір-біріне деген сенімділігін арттыруға мүмкіндік жасаймыз. Сондай-ақ, тұтқындарды айырбастаудың арнайы механизмдерін қарастырып жатырмыз. Ал, ең бастысы оқ атуды тоқтату.
Қақтығысушы тараптарға авиация және барлық қару түрлерін пайдалануға тыйым салынуға қадам жасалды. От пен оқтың ортасында отырған халыққа қажетті гуманитарлық көмек жеткізу бірталай жақсарды. Қазақстан да Сирия халқына алғашқылардың бірі болып жәрдем берді. Негізгі инфрақұрылымдарды қалпына келтіру мен босқындардың Отанына оралу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін шешуге де көп қажыр-қайрат жұмсалды.
Онал Седат, Түркия Сыртқы істер министрінің орынбасары:
- Сіздің бұл саяси қадамдарыңыз аймақтағы жағдайды біраз тұрақтандырды. Бұл процестің жемісін расымен көріп жатырмыз. Дескалациялық 4 аймақ бар. Әрине, оқ атуды тоқтату үшін біраз уақыт керек. Алайда, Астана алаңында мүдделі топтар мен елдердің барлығы жиналды.. Алайда, біздің жұмысымыз Женева келіссөздеріне көмегін тигізді. Тағы да сізге рахмет айтамын.
Кепілге алынғандарды өзара алмастыру үшін жұмыс тобын құруға қатысты арнайы құжаттың жобасы дәл осы Астана процесінде талқыланды. Бұдан тыс аймақтағы күрделі ахуалды бәсеңдету мен әскери әрекетті тоқтату режимін күшейту жайы да қаралды. Себебі, Сириядағы қақтығысты бейбіт реттеу үшін Астанада жасалаған оң адымдар Женева келіссөздерінің жемісті болуына өз септігін тигізеді.
Джабери Ансари, Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары:
- Мен ресми Астанаға осындай келіссөз үшін алаң беріп отырғаны үшін алғыс айтамын. Бұл жұмыстар Сириядағы қантөгісті тоқтатуға бағытталған. Астанада 10 раунд өткізу көзделген. Ол Женева келіссөздерін толықтырып отыр. Сирия шиеленісі 3 аспектіден тұрады. Ол: Адами, саяси, және қауіпсіздік. Осы үшеуі де Астана процесінде кеңінен қаралап жатыр. Осы арқылы біз Сирияға көмектесеміз.
Стругар Милош, БҰҰ Бас сарапшысы:
- Құрметті презитдент, мен осы Сирия мәселесінде сіздің елдің рөлін ерекше атап өткім келеді. Оның ішінде өзіңіздің жасаған нық қадамдарыңыз көп мәселені шешуге тұрткі болды. БҰҰ Қазақстанның бейбітшілікке деген көзқарасын ерекше бағалайды. Астана процесі БҰҰ үшін өте маңызды. Сіздер алаң ұсынғандарыңызбен кепіл елдерге көмек көрсетіп отырсыздар. Сіздердің жетістіктеріңіз - біздің жетістігіміз. Женева процесі 20 қарашаға белгіленген. Меніңше, оған дейін көп нәрсе жақсы жағына өзгереді деп ойлаймын.
Жыл басынан бері бейбітшіліктің бесігіне баланған Астанада бейбіт бітім үшін нық қадамдар жасалды. Әлемдік саясатта Ахилесстің өкшесіне айналған Сирия мәселесі шешілмей жаһандық тәртіптің түзілуі, аймақ халқының алаңсыз көз ілуі екіталай. Сондықтан, Қазақстан бейбітсүйгіш ел ретінде де, Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде де Сирияда бейбітшілік орнату жолында бар қажыр-қайратын жұмсайды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Кез келген келіссөз, диалог, бұл болашаққа бастар жол. Біз барлығымыз да бұл мәселенің бейбіт шешілгенін қалаймыз. Қазақстан Орталық Азияда орналасқандықтан, яғни, бір аймақта тұрмыз. Көнеден бұл елдермен тарихи мәдени байланыс орнаттық. Сауда-саттық жасадық. Ал, бұл қазір бізге кедергі келтіріп отыр. Террористер пайда болды. Ал, терроризмнің шекарасы жоқ. Мен барлық жерде күш бірікітірудің қажетілігін айтып оырамын. Барлығы келіссөзбен шешіледі. Егер сөйлеспесе, пушкалар атқылайды. Ол жерде соғыс бары анық. Сондықтан, бұл жұмыстар дұрыс жолмен жүргізілді. Егер қажет болса, біз тағы да алаң ұсынуға дайынбыз.