Алматыда «Жаһандану дәуірінің цифрлық күнтәртібі» атауымен халықаралық форум басталды

02.02.2018
Алматыда «Жаһандану дәуірінің цифрлық күнтәртібі» атауымен халықаралық форум басталды

Алматыда «Жаһандану дәуірінің цифрлық күнтәртібі» халықаралық форумы басталды

2017 жылдың қазан айында Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы барысында ЕАЭО қатысушы мемлекеттердің басшылары цифрлық күн тәртібінің 2025 жылға дейінгі басты бағыттарын бекітіп, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ЕАЭО экономикасын цифрландыру бойынша арнайы кездесу өткізу туралы бастамасын қолдағанын еске саламыз.

Бүгінде әлемнің жетекші мемлекеттері Төртінші өнеркәсіптік революция технологияларын қолданумен цифрлық салаларды дамытуға елеулі ресурстарын салуда.

Форумның басты мақсаты – өзіндік цифрлық экономикалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыра отырып, оларды дамытуды жеделдететін бірлескен шаралар әзірлеу, сондай-ақ, елдік артықшылықтар және өңірлік интеграциялық трансформациялау негізінде келесі дивидендтерді алу жолдарын әзірлеу.

Шара «Инновация және технологиялық кәсіпкерлік», «Өнеркәсіптің цифрлануы (Индустрия 4.0)», «ЕАЭО цифрлық күнтәртібі: бастамалар мен жобалар», «ЕАЭО мүше мемлекеттердің ұсыныстары», «Базалық интеграциялық жобалар», «ЕАЭО елдері ауыл шаруашылығының цифрлық трансформациясы» тақырыптарын қамтиды.

Спикерлер қатарында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің премьер-министрлері, коммуникация саласының министрлері, халықаралық сарапшылар, IT компаниялар мен мемлекеттік органдардың өкілдері бар.

Жалпы, болжамдар бойынша келесілер күтіледі:  
- 2025 жылдан бастап ІЖӨ өсімінен цифрландыру жобаларын іске асырудың жиынтық әсері 30%-ға дейін болады;
- 2018- 2022 жылдар кезеңінде 300 мың жаңа жұмыс орнын құру.

-Цифрлық трансформациялау бағдарламасы азаматтардың өмірін жақсартуда басты рөл атқаруы тиіс. Қазақстан экономикасының артуына және елдің технологиялық дамыған интеллектуалды ұлтқа айналуына ықпал етуі тиіс. 

Форум ұйымдастырушылары: ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі және Алматы қаласының әкімдігі.

Хабарламаларға жазылу