Астана процесінің кезекті кезеңі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана процесінің кезекті кезеңі

05.07.2017

Сирияның қарулы оппозициясы өкілдері арасындағы келіссөздер басталып кетті. «Дәл қазіргі сәтте соғыс жүріп жатқан өңірлердің шекарасын белгілеу мәселесі талқыға түсіп жатыр». Тілшілерге шыққан ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ануар Жайнақов осылай деді. Кездесу жабық есік жағдайында өтіп жатыр. Астана процесіне қатысатын делегациялардың бәрі осында. Олардың қатарында БҰҰ бас хатшылығының Сирия мәселесі бойынша арнайы елшісі Стаффан де Мистура да бар.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу