Астана процесінің үшінші кезеңі өтуде (Толығырақ) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана процесінің үшінші кезеңі өтуде (Толығырақ)

16.02.2017
Астана процесінің үшінші кезеңі қарқынды өтіп жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің Азия және Африка департаменті директоры Айдарбек Туматов хабарлады. Оның сөзінше, Сирия соғысын бейбіт реттеуге қатысты елордада кеше басталған жиынға тараптар белсенді қатысуда. Атысты тоқтату режимін орындау мәселелері қызу талқыланып, гуманитарлық көмек көрсету әңгіме арқауы болуда. Түркия, Ресей, Иран кепіл мемлекет ретінде ал, АҚШ пен Иордания Королдігі бақылаушы ел ретінде қатысып жатыр.

Ержан ҚАЛЫМБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу