Келесі Астана процесі тамыздың соңында өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Келесі Астана процесі тамыздың соңында өтеді

05.07.2017

Сирия мәселесі жөніндегі Астана процесінің 5-раунды нәтижесіз аяқталды. Тараптар екіжақты кездесулер өткізгенімен, өзара ешқандай құжатқа қол қойылған жоқ. Тек 4-мамырда қабылданған құжат бойынша Сириядағы қақтығыс аймақтарын деэскалациялау туралы шешімін қолдайтындықтарын білдірді. Сонымен қатар, гуманитарлық көмекке қол жеткізу мәселесі де қаралды. Бүгінгі шешім бойынша жұмыс тобы тамыздың 1-інде Иранда кездеседі. Ал, келесі Астана процесі тамыздың соңғы аптасына белгіленді. Қатысушылар Женевада 10-шілдеге жоспарланып отырған кезекті раундты өткізуге Астана процесінің қосқан үлесі зор екендігін де атап өтті.

Хабарламаларға жазылу