Бүгін Астана процесінің үшінші кезеңі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Астана процесінің үшінші кезеңі өтеді

14.03.2017
Бүгін Астана процесінің үшінші кезеңі өтеді

Бүгін Елордада Астана процесінің үшінші кезеңі өтеді. Сириядағы жағдайды реттеу үшін бір үстел басына отыратын ұстанымдары қарама-қайшы тараптардың кездесуінен халықаралық ұйымдар үлкен үміт күтіп отыр.

 

Бейбіт процесті БҰҰ-ның дүниежүзілік ассоциациялар федерациясы да бақыламақ. Бұған дейінгі екі келіссөз Сирияда соғыс аяқталады деген үмітті оятты. Бейбітшілік процесіне алғашқы қадам жасалды.

 

Айдос ӘШІМҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу