Елордада Сирия мәселесі бойынша «Астана процесінің» кезекті отырысы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Сирия мәселесі бойынша «Астана процесінің» кезекті отырысы өтеді

02.05.2017

Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді мәлімдеді. Қазір Ресей, Түркия, Иран, Сирия үкіметі және осы елдегі оппозициялық 16 топтың өкілдері нақты қатысатындықтарын жариялаған.

 

Бұдан басқа, бақылаушы мәртебесімен Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы өкілі және АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі де «Астана процесіне» келетіндігін растаған. Бүгінше сарапшылар деңгейінде кездесулер өтті, ертең және арғы күні пленарлық отырыстар өтеді.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу