Қазақ дипломатиясына – 25 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ дипломатиясына – 25 жыл

29.06.2017

«Қазақстанның дипломатиялық қызметіне 25 жыл: қорытынды, жетістіктер, болашаққа көзқарас». Бүгін Тұңғыш Президент кітапханасында осындай атпен ғылыми-тәжірибелік конфереция өтті. Алқалы жиынға еліміздің ардагер дипломаттары, Сыртқы істер министрлігінің ұжымы, шетелдік елшілер мен қоғам қайраткерлері қатысты. Конференцияда Қазақстанның тәуелсіздік алған тұстан бастап, осы уақытқа дейін жеткен жетістіктері сөз болды. Бас қалада өткен халықаралық  саммиттер, әлем назарын аудартқан жиындар, еліміздің БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болуы сыртқы саясатта еңбек етіп жүрген дипломаттардың жеткен жетістігі екені айтылды.

Сондай-ақ, Сирия мәселесін реттеудегі Қазақстанның рөлі сөз болды. Жиын барысында Мемлекет басшысының халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі Нұрлан Онжановтың «Бітімгер: Сирия түйіні» атты кітабының тұсауы кесілді. Туындыда Нұрсұлтан Назарбаевтың сириялық дағдарыстан шығу жолдарын іздестіруге бағытталған қадамдары және Ресей мен Түркия арасындағы шиеленісті реттеудегі рөлі туралы айтылған.

Хабарламаларға жазылу