Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
Ресейде демографиялық дағдарыс күрделеніп барады. Елде туу көрсеткіші төмендеп, халықтың қартаю үдерісі артқан. Ресми статистикаға сәйкес, 2015 жылы Ресейде 1 миллион 940 мың бала дүниеге келсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 1 миллион 222 мыңға жуықтапты. Яғни тоғыз жыл ішінде туу көрсеткіші шамамен 37 пайызға төмендеген. Ішкі миграция да демографиялық жағдайға әсер етуде. Мәскеу мен Санкт-Петербург сияқты ірі қалалардан халық жаппай көшіп жатыр. Көші-қонды тұрақтандыру үшін Ресейде отбасыларды қолдау, бала тууға ынталандыру және әлеуметтік көмек көрсету шаралары қолға алына бастады. Ал, мамандардың айтуынша, Ресей халқының саны 2046 жылға қарай 138 миллион адамға дейін азаюы мүмкін.
Сауалнама:
- Ресейде қазір бәрі қымбаттап кетті. Сондықтан көшкім келеді.
- Бұрынғыға қарағанда турист саны да, жергілікті тұрғындар саны да азайып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы