Басты Жаңалықтар Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды

Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды

Құрылтай депутаттары Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясының XV пленарлық отырысына қатысты. Бішкекте  өткен жиында Айбек Дәдебай бауырлас елдің басшысына Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық ықыласы мен ізгі тілегін жеткізді. Пленарлық отырыс «Жасанды интеллект және технологиялық прогресс дәуіріндегі түркі әлемінің парламентаралық ынтымақтастығы» тақырыбына арналды. Біздің тарап еліміздің тәжірибесі негізінде ТүркПА елдеріне арналған үлгілік Цифрлық кодексті әзірлеу бастамасын көтерді. Бұл құжат түркі мемлекеттері арасында цифрлық құқық саласының ортақ тұжырымдамалық, терминологиялық және әдіснамалық негізін қалыптастыруға ықпал етеді.

Айбек Дәдебай, ҚР Құрылтайының төрағасы:

Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Астана қаласында Alem AI негізінде түркі елдерінің айти хабтер желісін, жи орталығын құру жөніндегі бастамаларының мәні ерекше. Бұл бастамалар елдеріміздің технологиялық әлеуетін біріктіріп қана қоймай, ортақ цифрлық экожүйе қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бөлісу