Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
Қоғамда жаңа этикалық мәдениетті қалыптастыру ең алдымен күнделікті қарым-қатынастағы әдеп пен сыйластықтан басталады.
Соның бірі – амандасу әдебі. Қазақ халқы ежелден үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге ізет білдіруді, сәлемдескенде кішіпейілділік танытуды адамгершіліктің белгісі санаған. Алайда бүгінде ұлттық болмысымызға тән осы қарапайым қағидаларды сақтауға қаншалықты мән беріп жүрміз? Қазақстанның халық әртісі Алтынбек Қоразбаев амандасу мәдениетіне қатысты пікірін білдіріп, еуропалық үлгіге еліктегенде төл дәстүрімізді ұмытпау керектігін айтады.
Алтынбек Қоразбаев, Қазақстанның халық әртісі:
Жақында ғана Президентіміз амандасу жөнінде әжептеуір сын айтып кетті. Оның бәрі рас. Қазақ пен қазақ амандасқанда кеудесін қолына қойып, басын иіп немесе қол алысады. Оң қолын басын иіп амандасады. Біздің қазақи салт-санамыз жаман деп айтпаймын. Еуропаға еліктеп жаман нәрсеге шалығып жүрміз. Сол өте қажет емес нәрсе.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы