Басты Жаңалықтар Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды

Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды

Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылып, қайта қолданысқа берілді. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес күрделі жөндеуден өткен өңірдегі алтыншы нысан.

Байғанин ауданының орталығындағы вокзал 1945 жылы салынып, 2011-інші жылға дейін жұмыс істеп келген. Кейін жаңа ғимарат бой көтерді. Арада он бес жыл өткенде бұл нысан қайта жаңартылып отыр. Жөндеу жұмыстарына 356 млн теңгеден аса қаржы жұмсалды. Ауданы 207 шаршы метр болатын теміржол вокзалында 25 орындық күту залы бар. Айналасы абаттандырылып, перроны жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін 150 метрге дейін ұзартылды.

Бөлісу