Басты Жаңалықтар Грузия президенті Қазақстанға ресми сапармен келді

Грузия президенті Қазақстанға ресми сапармен келді

Бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізге ресми сапармен келген Грузия Президенті Георгий Маргвелашвилимен кездесті.  Мемлекет басшысы Грузия Президентінің сапары айтулы оқиғаларға – елдеріміз арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығына және «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылуына тұспа-тұс келіп отырғанын атап өтті. 

«Қазақстан Грузия экономикасының негізгі инвесторларының біріне айналды.  Екіжақты қатынастарды одан әрі жақсартуға ешқандай да кедергі жоқ.  Бұл тұрғыда сіздің сапарыңыздың маңызы зор», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Грузия президенті еліміздің даму қарқынына қызығушылық танытты. Сондай-ақ, Грузия Президенті экономикалар ынтымақтастығының тұжырымдамасына өз елінің белсене қатысып, халықтар арасындағы диалогты дамытуға жағдай жасап отырғанын атап өтті. 

Бөлісу