Мемлекет басшысы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің Қорғаныс министрлерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің Қорғаныс министрлерімен кездесті

07.06.2017

Мемлекет басшысы «мәдени, аумақтық, тарихи тұрғыдан бір-біріне жақын мемлекеттердің экономикалық ынтымақтастық мәселелерін шешу үшін құрылған Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы өзін айтулы өңірлік бірлестік ретінде көрсете білді», – деді.

Нұрсұлтан Назарбаев Шанхай хартиясы қабылданған сәттен бері 15 жыл өткеніне және осы уақыт аралығында бірлескен ауқымды жұмыс атқарылғанына назар аударды. «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының оң динамикасы қазіргі уақытта «Жаңа Жібек жолы» бағдарламасының дамуымен байланысты болып отыр. Бұл бағдарламаға ұйым мүшелерінің барлығы, ең алдымен, Қытай Халық Республикасына жақын көрші болып табылатын Қазақстан қолдау көрсетуде», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қорғаныс ведомстволарының қызметі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының экономикалық интеграциясының бағытымен қатар жүруге тиіс екендігін атап өтті. 

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу