Елбасы «Атамекен» ҰТП президиумының төрағасы Тимур Құлыбаевты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы «Атамекен» ҰТП президиумының төрағасы Тимур Құлыбаевты қабылдады

05.06.2017

Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаевты қабылдады. Елімізде орта және шағын бизнестің дамуы, халықты кәсіпкерлікке оқыту және қаржыландыру жайы бойынша есеп берілді. Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпкерлікті дамыту еліміз үшін аса маңызды екенін атап өтті.

Соңғы уақытта құқық қорғау және жергілікті органдар тарапынан орта және шағын бизнесті дамыту бойынша нақты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Елбасы әсіресе, шағын несие беру мен оқыту бойынша нақты шешімдер қабылданғанын атап өтті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының  аймақтарда жүргізілген жұмыстардың есебімен танысты. Мәселен, былтыр «Бастау» бағдарламасы арқылы тұрғындар 30 күндік оқу курстарынан өтті. Биыл да осы бағытта жұмыстар жалғасын тауып жатыр. Ол үшін Үкіметтен 1 млрд. 200 млн. теңге қаржы бөлінді. Соның аясында еліміздің 80 ауданында 15 мың адамды оқыту жоспарланып отыр.  

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу