Басты Жаңалықтар Астанада ҚХР Төрағасы Си Цзинь Пиннің ел басқару ісіне арналған кітабының қазақша аудармасы таныстырылды

Астанада ҚХР Төрағасы Си Цзинь Пиннің ел басқару ісіне арналған кітабының қазақша аудармасы таныстырылды

Жинаққа оның 2012-2014 жылдар аралығында ел алдында сөйлеген сөздері, сұхбаттары мен оқыған дәрістері, құттықтау хаттары топтастырылған. Барлық материалдар 18 тарауға бөлініп, хронологиялық ретпен берілген. Қытайдың мемлекеттік реформалары жайлы мағлұмат беретін кітап әлемде үлкен сұранысқа ие болып отыр. Бүгінге дейін 25 тілге аударылған. Отандық сарапшылардың пікірінше, үшінші жаңғыруға аяқ басқан Қазақстан үшін де кітаптың берері мол. 2 мың данамен жарық көрген жинақты Қытайдың «Ұлттар» баспа үйі аударған.

Айта кетейік, кітаптың тұсаукесері, автордың 8-маусымда Астанаға жасайтын ресми сапары қарсаңында ұйымдастырылды.

 

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Бөлісу