Басты Жаңалықтар Сингапур мемлекеті Еуразия экономикалық одағымен сауда әріптестік байланысты нығайтуға ынталы

Сингапур мемлекеті Еуразия экономикалық одағымен сауда әріптестік байланысты нығайтуға ынталы

Аймақтағы ірі қаржы орталығы саналатын Сингапурдың қазынасы бай. Жинақтаған ақша қоры да жеткілікті. Соңғы он жылдан бері белсенді түрде көптеген елдерге инвестиция салып және жыл сайын жаңа нарық іздеп отырады. Бірақ, сингапурлықтар қаржы салу үшін ең әуелі оның қорғалуын талап етеді. Қазір Сингапур мен Еуразия экономикалық одағы елдері арасында «Инвестициялық әріптестік туралы» құжат дайындалуда. Осы келісім бекігеннен кейін қос тараптың екі жақта да бизнес жүргізулеріне үлкен мүмкіндік бар.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Бөлісу