Елбасы ғұрпымызда жоқты шығарып жүргендерге тыйым қажеттігін ескертті
Сәуірдің 26-ы күні Астана қаласындағы Бейбітшілік пен Келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының 25-і сессиясы өтті.
Ассамблея жиынына келген Мемлекет басшысы барша қазақстандықтар боп атқаратын биылғы жұмыстың жұмыстың өзегі айқындап берді. Ол - экономикалық, саяси және рухани жаңғыру.
«Мен өз мақаламда болашақ қазақстандықтың болмысын айқындап, қандай болуы қажеттігін атап өттім. Біріншіден, ол – əлемдік бəсекеге қабілетті жасампаз тұлға. Екіншіден, алдына нақты мақсаттар қоятын,соған ұмтылатын прагматик, əрі реалист. Үшіншіден, ұлттық бірегейлікті нығайтып, кертартпалықтан бас тартатын адам. Төртіншіден, жаһандық білімнің шыңына шыққан жан. Бесіншіден, тек эволюция ғана өсіп-өркендеуге мүмкіндік беретінін жақсы түсінетін саналы азамат. Алтыншыдан, ол – бірнеше тілді, əлемнің үздік тəжірибелерін меңгерген көкірек көзі ояу адам», - деді Президент.
Сонымен қатар, Елбасы мемлекеттің дамуын тежейтін кедергілерді де атады. Ұлтымызға жат, заман талабына сай келмейтін үрдістен бас тартуға шақырды. Қара орамал жамылып, ғұрпымызда жоқты шығарып жүргендерге тыйым қажеттігін тағы бір ескертті.
Шынар АСАНҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы