Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік желілердегі трендтерді жақсы біледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік желілердегі трендтерді жақсы біледі

27.01.2016
Нұрсұлтан  Назарбаев  әлеуметтік желілердегі трендтерді  жақсы біледі
Нұрсұлтан  Назарбаев  әлеуметтік желілердегі трендтерді  жақсы біледі

Президент Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік желілерді қоғамдық пікір алмасудың маңызды алаңы ретінде бағалайды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Ақорданың facebook-тағы ресми парақшасына жазды.

Президенттің баспасөз хатшысы Ақорданың facebook-тағы ресми парақшасына жазылушылар санының 10 мыңнан асқанын атап өткен. «Біз facebook әлеуметтік желісіндегі Ақорданың аккаунтына жазылушылар санының 10 мыңнан асқанын қуана хабарлаймыз. Біздің публикацияларымызды үнемі қадағалап, пікір жазатын, парақшаны жетілдіруге өз ұсыныстарын айтып жүретін оқырмандарымызға алғыс білдіреміз. Тек кері байланыс арқылы ғана біз өз қызметімізді жақсарта түсеміз»,-деп жазды Дәурен Абаев.

Сонымен қатар, ол Президенттің әлеуметтік желілердегі трендтер жайлы жақсы білетіндігін де атап өтті. «Өзінің жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан, Президент әлеуметтік желілердегі трендтерден жақсы хабардар», -деп жазды Дәурен Абаев. Ол Президенттің әлеуметтік желілерді қоғамдық пікір алмасу үшін маңызды алаң санайтынын айтқан.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу