Былтыр 670 мемлекеттік қызметші Әдеп кодексін бұзған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Былтыр 670 мемлекеттік қызметші Әдеп кодексін бұзған

09.04.2018

Өткен жылы республика бойынша 670 мемлекеттік қызметші Әдеп кодексін бұзған. Олардың 105-і дөрекілік танытқан. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Агенттік жанынан құрылған мониторингтік топ Ақмола облысында арнайы жиын өткізді. Әлеуметтік желілердегі 55 мыңнан астам аккаунт қаралып, талапқа сай келмейтін фотолар мен бейне жазбалар анықталған. Нәтижесінде 277 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылды. 

Равиль Төлебаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директоры:

- Әдеп нормаларын бұзушылықтың алдын алу бойынша жаңа институттар енгізілді. Олар - Әдеп жөніндегі уәкіл және әдеп кеңесі институттары. Олардың жұмысы, мақсаты мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзушылықтың алдын алу. Оларға түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Мемлекеттік қызметшілерге талап қоя отырып, олардың әлеуметтік құқықтарын қорғау бойынша да жұмыстар жүруде.

 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу