Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев АҚШ-тың ірі қаржы институттарының басшыларымен кездесу өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев АҚШ-тың ірі қаржы институттарының басшыларымен кездесу өткізді

16.04.2017

Осы аптада Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев АҚШ-қа барып қайтты. Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарын Нью-Йорк қаласынан бастады. Бұл жерде АҚШ-тың ірі қаржы институттарының басшыларымен және бірқатар халықаралық сарапшылармен кездесу өткізді.

 

Басқосуларда Үкімет басшысы әлемдік экономиканың даму тенденциясы мен Қазақстандағы экономикалық реформалардың өзекті мәселелерін талқылады.

 

Сонымен қатар,  Қазақстан Премьер-Министрі Нью-Йорк қаласының бұрынғы мэрлері Рудольф Джулианимен және Майкл Блумбергпен де кездесіп, телекоммуникациялық инфрақұрылымды және «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту мәселесі бойынша пікір алмасты. Екіжақты келіссөздің нәтижесінде Қазақстанда «Bloomberg» телеарнасы ашылатыны туралы хабарлады.

 

Қазақстан - инвестиция тартуға жақсы жағдай жасап отырған бірден-бір мемлекет. Жұмыс сапарында  Бақытжан Сағынтаев  General Electric, AES  сияқты бизнес саласының жетекшілерімен кездесіп, ел экономикасына инвестиция тарту мүмкіндіктерін талқылады.

 

Айнұр ОМАР

Хабарламаларға жазылу