Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Қауіпсіздік кеңесі xатшыларының 12-ші кездесуі өтті
Бүгінгі таңда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы алдындағы басты міндет – аймақтағы бейбітшілік пен тұрақты дамуды сақтау. Әлемдегі қақтығыстар мен қауіп-қатерлердің шиеленіскен кезінде ұйымның рөлі арта түсері сөзсіз.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, Қауіпсіздік кеңесінің xатшысы Владимир Жұмақанов айтты.
Бүгін бас қалада Шанxай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің Қауіпсіздік кеңесі xатшыларының 12-ші кездесуі қорытындыланды. Аталған жиын - маусымда Астанада өтетін саммит алдындағы әзірлік шарасы.
Отырыста аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселелері кеңінен талқыланды. Сондай-ақ, ұйымға мүше мемлекеттердің өзара әріптестігі пысықталды.
Жазира ДОСМАҒАНБЕТ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04