Қадірлі көрермен, міне, осы жана ғана Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына өз үндеуін жариялады. Ақордадан сөйлеген мәлімдемесі 10 минут бұрын республикалық телеарналардан көрсетілді.
Ол жерде Елбасы жоғары биліктің өкілеттігін қайта тағайындау бойынша айтып өткен еді. Президенттің міндетіне тиесілі қабылданатын шешімдердің біразы қысқарады.
Бұл құзыреттер әрі қарай Үкімет пен Парламент палаталарына беріледі. Яғни, алдағы уақытта Үкімет пен Парламенттің құзыреті күшейтіледі. Жалпы, бұл шаруа кеше-бүгін қабылдана қалған шешім емес.
Елбасы Жолдауындағы тұғырлы 5 реформаның бірінші және бесінші реформасында осы міндеттемелерді жүзеге асыру айтылған. «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру», «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» туралы реформаларында үкімет жұмысын жетілдіру туралы нақты қадамдар бар.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ