Мақсатсыз жұмсалған бюджеттік қаражаттың 787 миллион теңгесі қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мақсатсыз жұмсалған бюджеттік қаражаттың 787 миллион теңгесі қайтарылды

14.08.2014
Мақсатсыз жұмсалған бюджеттік қаражаттың 787 миллион теңгесі қайтарылды

Өңірлік даму министрлігінде, «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» кәсіпорынында, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Манғыстау облыстары мен Астана қаласының мемлекеттік мекемелерінде жүргізілген бақылау нәтижесінде бірқатар заң бұзушылықтар анықталған.

Атап айтқанда, «Өңірлерді дамыту», «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған» бағдарламаларын және Өңірлік даму министрлігінің 2013-2017 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын жүзеге асыру барысында қаржыны тиімді пайдаланбау және мақсатсыз пайдалану фактілері кездескен.

Осыған қатысты 14 лауазымды тұлға әкімшілік және тәртіптік жауапқа тартылды.

Бүгінге дейін бюджеттік қаражаттың 787 миллион теңгесі қайтарылды. Тағы 215 миллион теңгені, Есеп комитетін қаулысына сәйкес, тексерілген 5 облыстың әкімдері қайтаруы тиіс. 

Осылайша, республикалық бюджетке қайтарылған сома 1 миллиардтан аспақ.

Диана АХМЕТЖАН

 

Хабарламаларға жазылу