Жаркенттегі перзентхананың мүмкіндігі артты
Жетісу облысы Жаркент қаласындағы перзентхана бастан-аяқ жөнделіп жатыр. Салынғанына 20 жылға жуықтаған ғимарат осы уақытқа дейін күрделі жөндеу көрмеген. Ал қазір мұнда жұмыс қарқын алған. Ғимараттың іші-сырты жаңартылып қана қоймай, аумағы да екі есе ұлғаяды. Мамандар негізгі корпусты аяқтауға жақын. Сонымен қатар қосымша ғимараттың біраз жұмысы бітті. Инфрақұрылымдық желілер де жаңартылды. Жауапты мамандар былтыр желтоқсанда басталған құрылысты мерзімінен бұрын аяқтаймыз деп отыр.
Бейбіт Әшімов, мердігер компанияның өкілі:
Жаңадан салынып жатқан блок қосылған кезде 11 854 шаршы метр болады. Жаңа блокта жүріп жатқан жұмыстар – монолиттік жұмыстар және кірпіш қалау жұмыстары. Біз осы 2026 жылдың аяғымен жоспарлап отырмыз бітіруге.
Жұмыс аяқталған соң перзентхана жанынан жаңа медициналық бөлімшелер ашылады. Мұнда инсульт алған науқастарға шұғыл көмек көрсетіліп, жүрек пен қан тамырларына ота жасалады. Бұған дейін қалаға қатынап жүрген тұрғындар енді күрделі медициналық көмекті жақын жерден ала алады.
Айдын Елікбаев, Панфилов ауданаралық көпсалалы аурухана директоры:
Инсультпен көп аурулар бар және жүрек-қан тамырлары бар көп науқастар болады. Соларды облыс орталығына апармай, ангиографтың көмегімен осы жерде диагностика және емдеу шараларын жүргізуге болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы