Алматыда 47 оқушы ауруханаға түсті
Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің
жұмысы уақытша тоқтатылды. Оған оқушылардың жаппай улануы себеп. 12-13 қазан
күндері 47 бала жедел ішек инфекциясының белгілерімен аурухана жеткізілген.
Тағы 8 шәкірт интернатта оқшауланып, медициналық бақылауға алынған.
Санитарлық-эпидемиалогиялық бақылау департаментінің қаулысына сәйкес білім
ордасы мен асхананың қызметі уақытша тоқтатылып, сабақтар онлайн форматқа
ауыстырылған. Сондай-ақ мектеп интернатының аумағы залалсыздандырылып, мамандар
тиісті зертханалық сараптама жұмыстарын жүргізуді бастады. Қазір жаппай
уланудың себептері анықталып жатыр.
Автор
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақмола облысында қоқыс өңдейтін 3 кешен салынып жатыр
14.10.2026, 13:20
Су үнемдеу жабдықтарын шығаратын зауыттар саны артты
14.10.2026, 13:17
Жаркенттегі перзентхананың мүмкіндігі артты
14.10.2026, 13:15
Әйелдің құрсағынан 10 келі ісікті сылып алды
14.10.2026, 13:13
Франциядағы шерушілер 161 мыңнан асып кетті
14.10.2026, 13:08
Ресейде смартфондар мен ноутбуктерге алым енгізілді
14.10.2026, 13:07
Цифрлық мәліметтерді қорғау – өте маңызды
14.10.2026, 13:05
2027 жылы бюджет тапшылығы ₸4,6 трлн болады
14.10.2026, 13:03