Басты Жаңалықтар Франциядағы шерушілер 161 мыңнан асып кетті

Франциядағы шерушілер 161 мыңнан асып кетті

Франциядағы шерулерге қатысып жатқан демонстранттар саны 161 мың 500-ге жетті. Өткен тәулікте бүкіл ел аумағында жоғары сынып оқушыларын қолдап университет студенттері мен кәсіподақ ұйымдары да көшеге шықты. Оқушылардың манифестациялары қыркүйектің соңында басталған еді. Олар мектептерді жөндеуден өткізу, мұғалімдер қатарын көбейту, сабақ уақытын қысқарту туралы талап қойды. Осы уақыт ішінде жүздеген мектеп өртеліп, бірқатар оқу орны уақытша жабылып, полицейлер, оқытушылар және демонстранттар зардап шеккен.

Бөлісу