Әйелдің құрсағынан 10 келі ісікті сылып алды
Петропавл қаласында дәрігерлер 48 жастағы әйелдің құрсақ қуысынан салмағы 10 келі ісікті алып тастады. Күрделі операция 2 сағатқа жалғасқан. Оны онкологиялық орталықтың мамандары жасады. Науқас құрсақ қуысында ісіктің барын бір жыл бұрын білген. Алайда ол жағдайы әбден нашарлап, жүре алмай қалғанда ғана медициналық көмекке жүгінген. Әйелдің салмағы 150 келі. Дәрігерлердің айтуынша, ісіктің бастапқы көлемі өте үлкен болған. Оны алып шығу үшін алдымен дренаждау әдісі арқылы көлемі кішірейтілді. Қазір науқастың жағдайы тұрақты. Алынған ісік гистологиялық зерттеуге жіберілді. Зерттеу нәтижесінде оның қатерлі немесе қатерсіз екені анықталады.
Наида Набиуллина, дәрігер:
Ісік науқастың ішкі органдарына зақым келтірген. Салдарынан тыныс алу, жүріп-тұру қиындаған. Ісік тым үлкен, сондықтан операция жасау қиын болды. Қазір науқас дәрігерлер бақылауында ем алып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы